Презентация на тему: ""Уақытты бағалайсың ба?" тақырыбында презентация"
- Категория: Презентации / Другие презентации
- Просмотров: 8
Презентация ""Уақытты бағалайсың ба?" тақырыбында презентация" онлайн бесплатно или скачать на сайте электронных школьных учебников/презентаций school-textbook.com
Жаңа сөздер
уақытты бағалау – ценить время
мүнемдеу – экономить
күнделікті – ежедневно
парыз – долг
Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай көрінеді, ал сүйіктіңізбен өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.
Үй жұмысын тексерейік. 7-тапсырма, 39-бет.
Мәтіндегі қате жазылған сөйлемдерді тауып, себебін түсіндір
Шамамен 800 миллион жыл бұрын, ерте замандағы тіршілік пайда болғанға дейін Жер бетін қалың мұздақ басып тұрған дәуірде бір жылда 486 күн болыпты.
Ал жүз миллиондаған жылдар өткен соң – динозаврлар дәуірінде бір жыл 370 тәулікке дейін қысқарған.
Дәл қазір оның небәрі 365 күннен ғана тұратыны белгілі.
Неліктен бұлай? Өйткені, ғасырлар өткен сайын ай гравитациясының әсерінен Жер ғаламшарының айналу жылдамдығы азайып келе жатыр.
Соның салдарынан күндер ұзарып (шамамен бір мыңжылдықта 1,7 миллисекундқа), ал жылдар қысқаруда.
Уақыт гравитация әсерінен өзгерістерге ұшырайды.
Мысалы, гравитация көзі болып табылатын Жер ортасына нысан неғұрлым жақын болған сайын, уақыт соғұрлым баяу жылжиды.
Мәселен, әлемнің ең биік шыңы Эвересте бір жыл теңіз деңгейімен салыстырғанда 15 микросекундқа аз.
1-тапсырма, 40-бет.
Сұрақтарға жауап бер
Сен уақытты қалай пайдаланасың?
Уақытты үнемдей білесің бе?
Күнделікті істейтін жұмыстарыңды алдын ала жоспарлайсың ба?
Уақытты бағалайсың ба?
3-тапсырма, 41-бет. Мәтінді оқып, түсінгеніңді баянда
Мен күнде алты жарымда тұрамын. Төсегімді жинап, 10 минут таңғы жаттығу жасаймын. Беті-қолымды жуып, асықпай таңертеңгі тамағымды ішемін. Мектебім үйден алыс болғандықтан, жетіде үйден шығамын. Жетіден бес мигут кеткенде аялдамаға автобус келеді. Автобуспен 20 минутта мектепке тез жетемін. Сабақ сегізде басталып, екіде аяқталады. Сабақтан соң асханаға барып, дәмді тамақ ішемін.
Биыл қазақ тілінен қосымша сабаққа барып жүрмін. Қосымша сабақ қазақ тілін жақсы үйренуіме көмектесті. Мен қазір қазақ тілінде еркін сөйлей аламын.
Аптасына екі рет қалалық кітапхананың оқу залында сабақтарыма дайындаламын. Болашақта бағдарламашы болғым келеді. Қазір нанотехнология туралы ақпараттармен танысып жүрмін.
Менің сүйікті ісім – спортпен айналысу. Сабақтан соң аптасына екі рет мектептегі жүзу бассейініне барамын. Бассейін кең әрі таза. Маған суда жүзген қатты ұнайды.
Кешке теледидардан жаңалықтар тыңдаймын, кино көремін. Кешкі жаңалықты көруге тырысамын. Себебі біз тарих сабағында жаңалықтарды талдап, ой бөлісеміз. Қазіргі кезде ғаламтордан аудиокітаптарды оқып жүрмін.
Үй шаруасына да көмектесемін. Өйткені ата-анам жұмыстан қатты шаршап келеді. Ата-анама көмектесу – менің балалық парызым.
Түнгі он бірде ұйықтаймын.
Демалыс күндері достарыммен күшті қыдырамын, кейде отбасыммен серуендеймін. Мен әр күнімді алдын ала жоспарлаймын. Демалыс күні алдағы аптаның жопарын құрамын. Күнімді босқа өткізбеуге тырысамын. Өйткені «уақыт – бізге берілген сый» деп есептеймін.
5-тапсырма, 42-бет
“Ата-анама көмектесу – менің балалық парызым” деген тақырыпта шағын әңгіме құрау.
6-тапсырма.
Мәтіндегі ақпаратты “Төрт сөйлем” тәсілін пайдаланып айтыңдар
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
8-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар
Сен таңертең нешеде тұрасың?
Мен таңертең ...... тұрамын
Таңертең жаттығу жасайсың ба?
Таңертең жаттығу ...
Мектепке нешеде барасың?
Мектепке ... барамын
Мектепке немен барасың?
Мектепке ... барамын
Сабағың нешеде басталады?
Сабағым ... басталады
Сабақтан нешеде шығасың?
Сабақтан ... шығамын
Сабақтан соң не істейсің?
Сабақтан соң ...
Кешке не істейсің?
Кешке …
уақыттың жаулары
мақсат қоймау
“Жоқ!” – деп айта алмау
жоспарлай алмау
асығыс шешім қабылдау
9-тапсырма.
Төмендегі пікірмен келісесің бе?
Сен тағы не қосар едің? Өз пікіріңді дәлелдеп айт.
Уақыттың жаулары:
• түсініксіз мақсаттар.
• тыңдай білмеу.
• "жоқ" деп айта алмау.
• асығыс шешімдер.
• бәрін бірден орындауға ұмтылу.
• ұмытшақтық.
• өзіндік тәртіптің болмауы.
• жоспарлай білмеу.
• тосын шешімдер.
• бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.
Дұрыс сөйлем құрыңыз.
Кілемде, ойыншық, жатыр, үлкен.
Ұзын, жатыр, сызғыш, үстелде.
Жүр, кішкентай, далада, ит.
Көшеде, ағаш, тұр, биік.
3-жаттығу. Дұрыс сөйлем құрыңыз.
Кілемде, ойыншық, жатыр, үлкен.
Ұзын, жатыр, сызғыш, үстелде.
Жүр, кішкентай, далада, ит.
Көшеде, ағаш, тұр, биік.
Кілемде үлкен ойыншық жатыр.
Үстелде ұзын сызғыш жатыр.
Далада кішкентай ит жүр.
Көшеде биік ағаш тұр.
Тест тапсырмасын орында
1. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді аңықтаңыз.
А) Әуе тұп-тұнық, жібектей жұмсақ.
В) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.
С) Күнге шағылысқан аппақ қар көзінді аштырмайды.
D) Жуас торы ат үріккен жоқ.
Е) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.
2. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) -қы, -лы, -сыз, -лық, -қор
В) -малы, -ек, -ақ, -шек, -ма
С) -мақ, -мек, -шы, -ғай, -ып
D) -у, -ған, -атын, -с, ғалы
Е) -рақ, -лау, -қылт, -шыл, -аң
3. «Көкпеңбек, аппақ» сөздері қай шырай түрінде қалданылып тұр.
А) жай шырай
В) асырмалы шырай
С) күшейтпелі шырай
D) шырайы жоқ
Е) салыстымалы шырай
4. Салыстырмалы шырай қатысқан тіркесті табыңыз.
А) ызалы жүрек
В) жылы шырайлы жан
С) өте ұяң қыз
D) құп-құ болып кетті
Е) шүніректеу көзді
5. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? Ненің?
В) Не істеді? Қайтті?
С) Қанша? Нешеу?
D) Қайда? Қалай?
Е) Қандай? Қай?
6. Сын есімнің жай шырай түрін табыңыз.
А) кішірек
В) сұлу
С) үлкендеу
D) сарғылт
Е) бозаң
Тест тапсырмасын орында
1. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді аңықтаңыз.
А) Әуе тұп-тұнық, жібектей жұмсақ.
В) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.
С) Күнге шағылысқан аппақ қар көзінді аштырмайды.
D) Жуас торы ат үріккен жоқ.
Е) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.
2. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) -қы, -лы, -сыз, -лық, -қор
В) -малы, -ек, -ақ, -шек, -ма
С) -мақ, -мек, -шы, -ғай, -ып
D) -у, -ған, -атын, -с, ғалы
Е) -рақ, -лау, -қылт, -шыл, -аң
3. «Көкпеңбек, аппақ» сөздері қай шырай түрінде қалданылып тұр.
А) жай шырай
В) асырмалы шырай
С) күшейтпелі шырай
D) шырайы жоқ
Е) салыстымалы шырай
4. Салыстырмалы шырай қатысқан тіркесті табыңыз.
А) ызалы жүрек
В) жылы шырайлы жан
С) өте ұяң қыз
D) құп-құ болып кетті
Е) шүніректеу көзді
5. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? Ненің?
В) Не істеді? Қайтті?
С) Қанша? Нешеу?
D) Қайда? Қалай?
Е) Қандай? Қай?
6. Сын есімнің жай шырай түрін табыңыз.
А) кішірек
В) сұлу
С) үлкендеу
D) сарғылт
Е) бозаң
«Уақыт қадірі»
Әдемі сағат таңдайсың
Көресің,устап әрқайсысын
Он сағат сатып алсаңда
Уақытты сатып алмайсың
Үйдегі затың тоналса,
Қалтаңнан ақшаң жоғалса.
Іздейсің жоқтап, өкініп,
Уайымға батып о қанша?!
Ойланбай неге келеміз?
Дүние десе ─ өлеміз!
Уақытың өтсе, жоғалса,
Уайымдамаймыз неге біз?!
Бүгіннен баста барлығын,
Бүгінің – жұмбақ тағдырың.
Ертеңнен емес, бүгіннен
Басталсын сенің әр күнің.
Бұл уақыт деген шынымен,
Өлшенбес сағат тілімен.
Өлшенер уақыт – іспенен,
Не істедің бүгін күнімен?!
Не істедің бүгін күнімен?!
Не істедің бүгін түнімен?!
Ісіңнен сол бір не қайыр,
Не пайда соның бірінен?!
Өмірдің құнын білдің бе?
Жоқ, босқа өмір сүрдің бе?
Жұмсадың қайда уақытты,
Не істедің осы бір күнде?
Жаттау
Әдемі сағат таңдайсың
Көресің,устап әрқайсысын
Он сағат сатып алсаңда
Уақытты сатып алмайсың
Жаттау
Әдемі сағат таңдайсың
Көресің,устап әрқайсысын
Он сағат сатып алсаңда
Уақытты сатып алмайсың
әрқайсысын
алсаң да























