Презентация на тему: "Аққұм ауылының тарихы презентация"
- Категория: Презентации / Другие презентации
- Просмотров: 1
Презентация "Аққұм ауылының тарихы презентация" онлайн бесплатно или скачать на сайте электронных школьных учебников/презентаций school-textbook.com
Туған жердің әрбір сайы мен қырасы,
тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді
Орындаған: Сәбитқызы Әсем
№ 221 негізгі орта мектебі
Жетекшісі: Байдулла Мөлдір
Зерттеу мақсаты
Туған жеріміздің тарихын саяси-әлеуметтік жағдаймен тығыз байланыста қарастыру. Туған жеріміздің тарихын зерделей отырып, өзіміз қатарлас оқушыларға туған жерімізді қадірлей білуге, ұлттық болмыстың қасиетін түсініп, ел ертеңінің жарқын болуына үлес қосуға шақыру негізгі мақсатымыз болып табылады. Туған жердің тарихын білу арқылы тарихи тұлғаларды білу, еңбегін бағалау.
Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Жоспары
1.Ауылым- алтын бесігім
2.Құрылу тарихы
а) су мұнарасы;
ә) метеостанция
4. Жер су аты- тарихтың хаты
А) Шоқтал,Жаманқұм, Сырдария
5.Ауылымның даму тарихы
6.Қорытынды
Табиғат, климат ерекшеліктері
Жаңақорған ауданынан оңтүстік шығысқа қарай 23 шақырым жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында Аққұм ауылы орналасқан, жер көлемі 1319 га. Жер бедері төбелі,тегіс жазық болып келеді.
Аққұм бекеті Бөріойнақ, Талап разъездерінің арлығында орналасқан.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы ауылдан 10 км қашықта орналасқан.
Климаты қысы суық қар аз түседі, қаңтар айында -35-37 С, жазы ыстық құрғақ шілде айында 36-40 С. Жауын-шашын 100-180 мм. Жаз мезгілінде шаңды дауыл жиі тұрады.
Ауылдың құрылу тарихы тарихы
«Аққұм» аталу себебі Сырдария маңында ерекше үлкен, ақ құм төбенің болуына байланысты қойылған. Аққұм ауылының іргетасы 1902 жылы патша үкіметі тұсында ауа райын бақылайтын орталық ретінде қаланған. Ауылдың байырғы тұрғындары екі жарым шақырым қашықтықтағы «Шоқтал» қыстауында қоныс еткен. 1904-1905 жылдары елімізде Орынбор – Ташкент теміржолы салынғанда Жаңақорған, Төменарық, Бесарық бекетімен бірге Аққұм бекетінің іргесі қаланды. Бекетті салуға орыс инженерлері жетекшілік жасады. Негізгі қара жұмысқа ауыл халқы жұмылдырылды. Теміржол құрылысына тас Қосүйеңкі ауылынан тасымалданды. Бекет маңында негізінде теміржолда қызмет еткен орыс ұлты мекендеген.1927-1928 жылдардағы ұжымдастыру кезеңінде жергілікті халықты теміржол бойына қоныстандырған
Су мұнарасы
Ауылда 1904 - 1905 жылдары теміржолмен бірге салынған ескі вокзал үйі мен су мұнарасы бар.Су мұнарасының жобасын архитектор Георгий Сваричевский жасаған. Негізінен, су мұнарасы сегіз бұрышты, екі деңгейлі құрылымнан тұрады, әрі төменгі деңгей тас блоктарынан, ал жоғарғысы ағаштан салынған
Су мұнарасы стансаға келіп тоқтаған паровоздарға су жеткізу қызметін атқарған. Ол су негізінен құбыр арқылы Сырдария өзені жанындағы көлден тартылған. Су мұнарасы ауданымыздың тарихи ескерткіштер тізіміне енген.
Метеостанса
1902 жылы патша үкіметінің барлау жұмысы негізінде жоспарланған ауа райы бекеті жұмысын толық 1928 жылы 24 маусымда бастады. Теміржол бойындағы ауа райының мәліметін Сырдария суының деңгейін хабарлау мақсатында салынған.Алғашында Қаратау етегінен 50 км қашықтықта теміржолдың оңтүстік беткейінде орналасты. 1939 жылы ауыл ішіне орналастырылды. Метерологиялық стансия қазіргі күннің өзінде ауданымыздағы жалғыз бекет болып табылады.
Сырдария
Сырдария ауылдан 4 км қашықтықта орналасқан. Сырдария атаулары - Жергілікті байырғы халықтар-Шаш, Монғолдар-Гүлзариян, Түркілер-Сырдария, Сарысу, Парсылар-Яксарт (Үлкен Маржан) , орта ғасырлық мұсылман жазбаларында жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атауы-Сейхун деп атаса,жергілікті халық Дария деп атаған Қожа Ахмет Яссауи Қорасан бабаға зиярат ету үшін Аққұм ауылының тұсынан дариядан тас өткел арқылы өтіп баратын болған.
Шоқтал
«Шоқтал» Аққұм ауылынан 2,5 км қашықтықта орналасқан ескі қоныс. Ауылдың халқы осы жерде мекен еткен. «Шоқтал» аталу себебі алыстан қарағанда бір топ ағаштың көзге ерекше түсуіне байланысты қойылған. 1931-1932 жылдардағы аштық жылдарында ауыл тұрғындарын осы қонысты мекен еткен Төлек ата әр түп шеңгелдің түбіне жасырып тары егу арқылы бір қауым елді аштықтан аман алып қалғандарын ауыл ақсақалдары аңыз етіп айтады.
Жаманқұм
Ауылдан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан ескі қыстау жұрты. «Жаманқұм» аталу себебі ерте көктемде ащы шөп өсіп жайылған малдарды қырғынға ұшырататын болғандықтан бұл қыстау солай аталған екен.
Әлеуметтік-тұрмыстық салалар
1935 жыл – төртжылдық бастауыш мектеп ашылды
1936 жыл – байланыс торабы ашылды
2001 жыл қыркүйек айы - № 221 Аққұм негізгі мектебі ашылды
2001 жыл қазан айы – медпункт ашылды
2015 жыл – ойын алаңы ашылды
2016 жыл - Ақбұлақ бағдарламасы аясында су құбырлары тартылды
2017 жыл - медпункт ашылды
2017 ж - Аққұм мешіті салынды
2017 жыл - жаңа мектеп құрылысы басталды
2017 жыл - «Казатомпром» АҚ жетекшілігімен барлау жұмыстары жүргізілуде
2018 жыл – жаңа мектеп ашылды
Ұсыныс
1. Өткен ғасырда өмір сүрген ауыл азаматтарының үлгілі істері мен тарихи жәдігерлерді сақтап күтуді бүгінгі ұрпаққа
насихаттау жұмыстары кеңірек жүргізілсе.
Ауданымыздың өлкетану оқулығы шығып ,
аулымыздың тарихы сол кітапқа енгізілсе.
Қорытынды
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
Пайдаланған әдебиеттер
Келешегі кемел аудан. Ф.П. Сахи
Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз,әпсана, хикаялар Б.Қорғанбеков
79-бет
Әлімсақ журналы «Орынбор-Ташкент темір жолы тарих пен тағылым» 2017 жыл




















