Презентация на тему: "Құю өндірісінде қалдықтарды қайта өңдеу"
- Категория: Презентации / Другие презентации
- Просмотров: 25
Презентация "Құю өндірісінде қалдықтарды қайта өңдеу" онлайн бесплатно или скачать на сайте электронных школьных учебников/презентаций school-textbook.com
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
6В07204 «Металлургия» модульдік білім беру бағдарламасы бойынша «Металлургия»
мамандығының студенттері үшін
Машина жасау факультеті.,
«Нанотехнологиялар және
металлургия» кафедрасы
«Құю өндірісінде қалдықтарды
қайта өңдеу» пәні бойынша слайд-дәріс
автор: т.ғ.м., аға оқытушы
Айтбаев Нурлан Берикулы
Ж о с п а р :
Қазақстанның кен орындарына сипаттама
Қазақстан кен орындарының алатын орны
Кен іздеген Сәтбаев және Жезқазған мыс кен орны
Пайдаланылған әдебиеттер
Кен орны, кен байлықтары – мөлшері мен сапасы жағынан өндірістік игеруге тиімді жер бетіндегі немесе қойнауындағы минералдық заттардың шоғыры.
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикамыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Қазақстан Республикасының жер қойнауында әлемдегі барланған уран қорының 19 % шоғырланған – бұл шамамен 1,5 млн тоннаға тең. Ел аумағындағы анықталған ондаған уран кен орындарының әрқайсысы қалыптасу және практикалық маңызы жөнінен әрқалай. Геологиялық ұстанымы, генетикалық белгілері және аумақтық ерекшеліктерінің ортақтығы оларды мынадай алты уран кеніші ауданы құрамында алып қааруға мүмкіндік береді:
Шу-Сарысу уран кеніші ауданы;
Сырдария уран кеніші ауданы;
Солтүстік Қазақстан уран кеніші ауданы;
Маңғыстау ауданындағы уранның түзілуі;
Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала немесе Балқаш маңы ауданы;
Іле уран кеніші ауданы.
Шу-Сарысу уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Жалпы қорлар мен ресурстар бүкіл Қазақстан қоры мен ресурстарының 54 % құрайды. Қазіргі таңда Уанас, Мыңқұдық, Қанжуған және Мойынқұм кен орындарында уран өндіру жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен жүргізілуде.
Сырдария уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Аудандағы уран қоры бүкіл Қазақстан қорының 20 % құрайды. Уран өндірісі жерасты шаймалау әдісімен. Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарында жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан уран кеніші ауданы
Ауданның уран кен орындары протерозой және палезой қатпарлы кешендерінде желілі-штокверлі түзілу түрінде көрініс тапқан. Мұндағы уранның жиынтық қоры бүкіл отандық қордың 17 %-на тең. Қазіргі таңда Шығыс кен орнында уран шахталық әдіспен алынуда.
Маңғыстау ауданындағы уранның түзілуі
Каспий маңы ауданы фосфариттенген балықтар сүйегінің жинақталуынан түзілген бірегей кен орындарын құрайды. Уран қоры Қазақстан қорының 2%-на тең. Қазір мұнда уран өндірілмейді.
Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала немесе Балқаш маңы ауданы
Уран кен орындарының негізгі типі – континентальды жанартау кешендеріндегі эндогенді желілі-штокверлі кен орындары. Басты кен орындары толық игерілген. Қалған уран қоры республика қорының 0,5 % құрайды. Уран өндірісі тоқтатылған.
Іле уран кеніші ауданы
Негізгі қорлар қоңыр көмір қатпарларының жоғарғы қабаты тотығуынан түзілген уран-көмір кен орындарымен байланысты. Мұнда Қазақстан қорының 6,5 % шоғырланған. Қазіргі таңда уран өндірілмейді.
Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-ы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Қараоба, т.б.
Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53 %-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-і баланстық.
Асыл металдар Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солт. Және Орт. Қазақстанда- Жолымбет алтын кені, Бестөбе алтын кені, Ақсу алтын кені, Ақбейіт алтын кені, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда- Ақбақай алтын кені; Батыс Қазақстанда- Юбилейное; Шығыс Қазақстанда- Бақыршық алтын кені.
Өндірістік категория бойынша кондесат қорларын өндіру 694,8 млн т құрайды және 30 кен орнында шоғырланған. Бірақ тек 15 кен орнында ғана өндіріледі. Негізгі конденсат қорлары мен өндіру көлемі республикадағы барлық конденсат қорының 91%-ы шоғырланған “Қарашығанақ” кен орнында тіркелген. Қалған кен орындарында “Оңтүстік Жетіба”, “Теңге” және “Ракушечникті” ескермегенде, Маңғыстау облысында конденсат қоры 0,2-0,3 млн т-дан аспайды.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша құрлықтағы және шельфтегі көмірсутектерінің расталған қорлары 4,8 млрд. т немесе 35 млдр. баррель шегінде бағалануда, 2001 жылғы жағдай бойынша мұнайдың барланған баланстық қорлары тек 2,9 млрд. т құраған болатын. Оның үстіне, кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша мұнайдың болжамды қорлары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан кен орындары бойынша ғана 17 млрд. т немесе 124,3 млрд. баррельден астамды құрауы мүмкін.Мұнай мен газ қорларын, сондай-ақ үнемі артып отырған оларды өндіру ауқымдарын ескерсек, таяудағы келешекте Қазақстан дүниежүзілік мұнай өндіру ошағы болып қала бермек.
Жер қойнауындағы геосинклиналдық және платформалық құрылымдарымен байланысты екі түрлі кен орындары кездесетін жағдайлар бар. Оның екі түрі бар:
І сынап- геосинклиналдық облыстарда пайда болған кен орындары;
ІІ сынап- платформалық облыстарда пайда болған кен орындары.
І сынапқа жататын кен орындары:
Кавказда, Қырымда, Шығыс Қарпат, Түркмения, Ферғана, Өзбекстан, Тәжікстан, Сахалинде, т.б. кездеседі.
ІІ сынапқа жататын кен орындары:
Еділ мен Орал аралығында, Батыс Сібір аймақтарында, т.б. кездеседі.
Қаныш-қазақ, кеніш-қазақ десек, бұл ұйқас үшін тақпақтап айтыла салған сөз болмайды. Бір замандарда шетелдіктерге қазақ Қаныштай болып елестеген шындық. Егер сол кезде қазақ жерінің байлығын Қаныш Сәтбаев тауып ашпағанда, басқалар келіп ашар еді. Қаныш-қаазқстың кейінгіге қалдырған аманаты да осы болса керек.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Арқаның сұлу төрінің бірі- Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ауылында ауқатты да ел аарсында сыйлы әулетте дүниеге келген.
Жалпы алғанда, сол кезеңде кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазған ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1929 жылы Қаныш Сәтбаев Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселені одақтық көлемде көтерген. 1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың тікелей мұрындық болуымен Қазақстан Ғылым академиясы құылды. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология ғылымдары иснтитутының директоры болып тағыйындалған. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.
Жезқазған- еліміздің мысты қазынасы. Қала тарихы комбинаттың тарихымен тікелей байланысты. Осыдан не бәрі елу жыл бұрын ғана кішкене кент- Жезқазғанның алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен кеншілер болды. Жезқазған мысты кен орны адамзатқа 3000 жыл бұрын белгілі болған. Бұған куә көптеген ашық жұмыстар кендері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуынан кейін комбинаттың кешенді дамуы жаңа қарқынға ие болды. 1947 жылы Жезқазған байыту фабрикасының құрылысы басталды, оның үш секциясы 1954 жылы пайдалануға берілді. 1955 жылы мыс-қорғасын кейін қайта өңдеуге арналған төртінші секция қатарға қосылды. 1973 жылы Жезқазған жаңадан құрылған Жезқазған облысының орталығы болды. Жезқазған мыс балқыту заводының құрылысы аяқталды, №3 байыту фабрикасы салынды, жаңа алып шахталар іске қосылды. 1998 жылы “Қазақмыс” корпорациясы толықтай өндірістік бағдарлама бойынша жұмыс істеді.
Бүгінде “Қазақмыс” корпорациясы- Қазақстандағы барлық экономикалық реформа талаптарына және нарық заңына сәйкес келетін қазіргі заман үлгісіндегі кәсіпорын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://stud.kz/
https://kk.wikipedia.org/
https://zharar.kz/
https://bilim-all.kz/



















