Презентация на тему: "Электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу 1 курс"
- Категория: Презентации / Другие презентации
- Просмотров: 169
Презентация "Электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу 1 курс" онлайн бесплатно или скачать на сайте электронных школьных учебников/презентаций school-textbook.com
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаты:
8.2.2.1 электрондық кестелер мәселелерді шешу үшін түрлі деректер пішімдерін пайдалану;
8.2.2.3 электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалану;
8.2.2.4 кестеде көрсетілген функциялардың графиктерін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1
Электронды кестеде ұяшықтарды, ұяшықтардағы деректерді пішімдеуді (шрифт, туралау, бояу, шекара) біледі
2
MS Excel- де кіріктірілген функцияларды (математикалық, статистикалық, логикалық) қолдана отырып есеп шығару.
3
Кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу тәсілдерін біледі
Сабақтың басы (7минут)
-Ұйымдастыру кезеңі
-Үй тапсырмасы.
«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы тексеріледі.
Баған мен жолдардың қиылысы не деп аталады?
-Excel програмасында диаграмманың қандай түрлерін құруға болады?
-Ұяшықтың адресі қалай анықталады?
-Формула қандай таңбамен басталып жазылады?
-Формуланы жазғанда қолданылатын нысан адресі қалай аталады ...?
- Электрондық кестеде адрестерді көрсетудің қандай түрлері бар?
Дескриптор:
Өткен тақырыпты еске түсіріп, нақты жауап береді.
ҚБ: «Менің жұлдызым» - өзін-өзі бағалау
Сабақтың ортасы (13 минут)
Жаңа тақырыппен таныстырып, тақырыптың мақсатын айтып өтемін.
«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға түрткі сұрақтар қоямын.
- кестелермен сендер тағы қандай программада жұмыс істедіңдер?
- кестелерді пішімдеу дегеніміз не?
кестелерді пішімдедіңдер ме?
Excel-ге график тұрғызу үшін нені анықтау керек?
Сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа сабақты интерактивті тақта арқылы түсіндіріп өтемін.
ҚБ Оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп өтемін.
«Ынталандыру»
Бәрекелді!
Жарайсың!
Ұтымды жауап айта алдың!
Компьютерде практикалық тапсырма орындау (20 минут)
1-Тапсырма бойынша берілген суреттегідей етіп ұяшықтарды, ұяшыққа енгізілген ақпаратты пішімдейді.
Дескриптор:
-Ұяшықты, ұяшыққа енгізілген ақпаратты пішімдейді.
ҚБ: «Смайликтерді таңда» - өзін-өзі бағалау
2-Тапсырма бойынша Арман оқу жылының соңында үздіктер қатарынан табылып, емтиханнан босатылатынын не босатылмайтынын анықта.
Дескриптор:
Есептеулерде математикалық, статистикалық, логикалық функцияларды
қолданады алады
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
3-Тапсырма бойынша у1=2х + 2 және у2=х2 функцияларының х айнымалысы [-4;4] аралығында 1 қадаммен өзгергендегі мәнін есептеп, функцияның графигін тұрғызу. Осы функциялардың қиылысу нүктесін анықтайды.
Дескриптор:
Функция графигін тұрғызады.
Графиктердің қиылысу нүктесін анықтайды.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі
Сабақтың соңы 5 мин.
Сабақты қорытындылау:
Пысықтау сұрақтары:
-Ұяшықты пішімдеу дегеніміз не?
-Функцияның графигі дегеніміз не?
-Excel-ге функцияның графигін тұрғызуға арналған диаграмма түрлерін ата?
Рефлексия:
• Бүгінгі сабақ бойынша алдарындағы гүл күлтешелеріне бір сөйлем жазады, гүлдің күлтешесін тақтаға жапсырады, қорытындылайды.
Үйге тапсырма. Қолданбалы міндеттерін шешу. Тақырыпты оқу





