Презентация на тему: "Ебқ баланың сөйле тіліне ата-ананың әсері тақырыбында презентация"

- Категория: Презентации / Другие презентации
- Просмотров: 23
Презентация "Ебқ баланың сөйле тіліне ата-ананың әсері тақырыбында презентация" онлайн бесплатно или скачать на сайте электронных школьных учебников/презентаций school-textbook.com
Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;
Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық, дефектологиялық ықпал жасауды талап етеді.
Баланың одан әрі дамуына кері әсерін жиі тигізеді.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады:
Ана құрсағында кездегі әртүрлі әсер
Босану процесі
Отбасы
Баланың сөйлеу тілінің бұзылысына әкелетін факторлар
Ана құрсағында кездегі әртүрлі әсер
Сөйлеу тілінің ең ауыркемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады.
Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі таксикоз, вирусты және басқада аурулар әсер етуі мүмкін;
Босану процесі
Бала өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
Бала сүйегінің жарақаттануы;
Тұқым қуалаушылық факторлар;
Босану кезіндгі жарақаттану және босану кезіндегі балаға ауа жетпеуі;
Отбасы
Әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардың қолайсыздығы.
Отбасының психологиялық климаты
Ата-анасының тәрбиесі
Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамыту бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар
1. Оқи білудің алғашқы шарты ретінде ең алдымен ауызша сөйлеуін дамытуға көңіл бөлу керек.
2. Бала өмірінің алғашқы күндерінен бастау керек. Сіз балаңызды қолыңызға алып, онымен сөйлескенде, сіз оған жылулық пен қауіпсіздік сезімін бересіз (хбұл жаста ол мұндай сезімді бастан өткермейді деп ойласаңыз да).
3. Тыңдауға дайын болып көрініңіз. Балаңыздың сөйлеуге деген ең елеусіз әрі түсініксіз әрекеттерінің өзін қолдап отырыңыз. Егер Сіз шаршасаңыз немесе асығып тұрсаңыз, есіңізде болсын: мектепке дейінгі кезеңде көрсеткен сабырлылығыңыз Сіздің болашақтағы міндетіңізді маңызды түрде жеңілдете түседі.
4. Балаға көп уақыт бөліңіз. Ерте балалық шағында отбасының тілдік дамуы, когнитивті дамуға әсері және баланы қоғам өміріне баулу шешуші міндет болып табылады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі кезеңде өзіне және отбасынан тыс табысты тілдік қатынасқа деген сенімділік негіздері орнығады. Баланың мектепте, құрдастарымен қарым-қатынаста одан әрі дамуы тілдік ерте даму дәрежесіне байланысты болады.
5. Баланың оқуға деген ынтасының ең маңызды бәсекелесі - теледидар. Қалыптасқан жағдайға қарай теледидар да, видео да баланың дамуына серпін беруі немесе тежеуі мүмкін.
6. Баланың теледидар көруіне ажыратылатын уақыт шектеулі болуы тиіс.
7. Балаға көру үшін рұқсат беретін хабарларды мұқият іріктеп алыңыз.
8. Бала өскенде, оған таңдау мүмкіндігін беріңіз: бір аптаға арналған бағдарламаны балаңызбен бірге қарап шығу кезінде, хабарларды да бірге таңдаңыз. Балаға өзі қалаған хабарды таңдауды ұсыныңыз. Үйде отбасылық хабарландыру тақтасын ұйымдастырыңыз; таңдалған хабарлар тізімін осытақтаға іліп қоюға болады.
9. Теледидар баланың бөлмесінде тұрмауы керек. Теледидар мен видеоны балаңызбен бірге көріңіз. Оны не қызықтыратынын білуге тырысыңыз. Көргеніңізді онымен бірге талқылаңыз.